Алматыда дәрі-дәрмекпен қамту жағдайы қалай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі дәріханалардың жұмысы бойынша жағдайды мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, шаһарға дәрілік препараттарды жеткізуде іркіліс жоқ. Мегаполис дәрілік препараттардың қажетті көлемімен қамтамасыз етілген.

«Іңкәр», «Медсервис», «Аманат», «Рауза», «Еврофарма», «Цветная» және қаланың өзге де дәріхана желілері қажетті дәрілік құралдардың жеткізілуін уақытылы қамтамасыз етіп отырды. Олардың қоймалары тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен жоқ. Қала бойынша дәріханалардың қызметін қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүргізілуде», - деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Оның сөзінше, оларда дәрі-дәрмек қоры – бір айға, жекелегенінде қор екі айға жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар