Алматыда дәрі-дәрмек тарататын робот-фармацевт іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы - Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада дәріхана роботы деп аталып кеткен алғашқы автоматтандырылған медициналық аппарат іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық онкология орталығында болғанда азаматтарды қажетті препараттармен қамтамасыз етудегі және жемқорлықтың алдын алудағы жаңа цифрлық әдіске баға берді.

«Дәріхана роботы» - Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоба, оның көмегімен онкология сырқатына шалдыққандарға қымбат дәрілер берлетін болады. Дәрігердің рецептінен бастап пациентке препаратты бергенге дейінгі барлық рәсім жүйеленген және автоматты түрде бірден мәліметтер базасына түседі. Препарат алатын адамның келбеті немесе саусақ іздері сәйкес болуы тиіс. Бұдан соң жеке электронды карта жасалады және дәрігер жазған препарат беріледі.

«Бұл жоба жемқорлық тәуекелін азайтады және дәрі-дәрмекке бақылауды барынша күшейтеді, дәрілердің сақталу шарттарын қамтамасыз етіп, пациент пен медицина қызметкерінің тікелей жүздесуіне жол бермейді», - деді «Алматы - Адалдық Алаңы» жобалы кеңсесінің жетекшісі Александр Братенков.
null

Алматы онкология орталығын аралаған Бауыржан Байбек іске қосылған жаңа радиологиялық корпуста да болды. Егер бұрындары мекеме хирургия мен химия терапия бойынша ғана медициналық көмек көрсетіп келсе, енді радиологиялық корпустың арқасында сәулелі әдіспен емдеу қолға алынды.
null

Бұдан бұрын Алматыда дәрі-дәрмекті арнайы роботтар тарататынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар