Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
2022 жылғы 17 қаңтар 13:38

Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрі-дәрмек қоры кем дегенде екі айға жетеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 975 дәріхана бар, оның ішінде 920 штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, бүгінде оның барлығы қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толық қамтамасыз етілген.

«Биыл тұрақтандыру қоры арқылы дәрілік заттарды сатып алу тетігі ұзартылды. Осылайша, қаланың бөлшек сауда желілері үшін негізгі жеткізушілер «Инкар» ЖШС, «МФК БИОЛА» ЖШС және «КФК Медсервис Плюс» ЖШС. Олармен сатып алу үшін шарт жасалды. Жеткізілетін тауардың жалпы көлемі - 9,2 млн теңге, - деді кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, ол осы компаниялардың қоймасындағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы қалдығы 15,5 млн екенін айтты.

Сондай-ақ, көтерме жеткізушілер мен қаланың бөлшек сауда желілерінде дәрі-дәрмектің шамамен 2 ай мерзімге жеткілікті қор бар.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT