Алматыда дәрі-дәрмек қоры тұрақты толықтырылып отырады – әкімдік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры бар. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі апта сайын қалалық стационарлардың, емханалар мен дәріханалардың дәрілік заттармен (ДЗ), медициналық мақсаттағы бұйымдармен (ММБ) және жеке қорғану құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді.

«Бүгінгі таңда стационарларда 2 209 мың дәрі-дәрмек бар. Бұдан басқа, 736 мың дәрілік зат таяуда жеткізіледі. Қала емханаларында 299 мың дәрі бар, қосымша 199 мың данасы әкелінеді. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын емдеуде сұранысқа ие дәрі-дәрмек барлық дәріханаларда бар. Қамтамасыз ету - 85-90 пайыз»,-деді ол.

Тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен 2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың қыркүйек аралығында Алматыға жоспарланған 40 млн дәрілік зат пен 58,8 млн медициналық бұйым әкелінді.

«Оның 43,6 млн іске асырылды. Бұл ретте 8 млн мөлшерінде төмендетілмейтін қалдық сақталды. Айта кету керек, қаланың медициналық ұйымдары, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ірі көтерме жеткізушілері, сондай-ақ қаланың бөлшек сауда желілері 2020 жылғы тәжірибені ескере отырып, сұраныстың ықтимал өсуіне алдын ала дайындалып, өз қоймаларында қорлар қалыптастырады»,- дейді қала әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар