Алматыда Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мыңдаған алматылық Даңқ мемориалының қасына жиналып, гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, жеңістің құны Қазақстан үшін тым қымбатқа түсті. Сол жылдары халқы небәрі 6 млн болған ел майданға азаматтарының 20%-ын жіберуге мәжбүр болды. Қанды соғыстан екінің бірі оралмады.

«Құрметті соғыс және еңбек ардагерлері! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бұл қасиетті күнде бізге азаттық сыйлаған батырларға басымызды иеміз. Қазақстандықтар майданның барлық шебінде қайтпас қайсарлық көрсетті.

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Нұркен Әбдіровтердің аттарымен қазір біз мақтана аламыз. Бұл кісілердің есімі тарихта алтын әріптермен жазылды. Соғыс жылдарында барлық кәсіпорындар әскери өнім шығаруға көшті. 10 оқтың 9-ы Қазақстанның қорғасынынан құйылды. Бүкілодақтық мыстың 35%-ы, қорғасынның 83%, молибденнің 80%-ы Қазақстанда шығарылды. Майданға кеткен 1 миллион 200 мың адамның 160 мыңы алматылық болатын", - деді қала басшысы.

Гүл шоқтарын қоюға жиналған жұрт қаза болған сарбаздарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Соңғы жаңалықтар