Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу ауданында орналасқан балалар зияткерлік орталығының жетекшісі әкімге ArtSport, қазіргі Damubala жобасының артықшылығы туралы айтты. Қазір орталықта осы бағдарлама бойынша 80-ге жуық бала қосымша білім алып жатыр.

«Жақсы нәтижелер бар. Шахматтан чемпиондарымыз көп. Сондай-ақ балаларымыз облыстық, республикалық байқауларға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Мен бұл жобаға өте ризамын, себебі ол ата-анасы қымбат курстарға төлей алмайтын балаларды дамытуға мүмкіндік береді. Қазір менде балаларын тегін үйірмеге бергісі келетін 117 ата-ана кезекте тұр. Қала әкімі ретінде осы жобаны қолдап, әрі қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын»,- деді ол.

Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінген жеткізді.

«Мен бұл бағдарлама қай платформада жұмыс істесе де, шын жүректен қолдаймын. Биыл 16,2 млрд теңге бөлдік. Біз 75 мыңға жуық баланы қамтыдық. Кезекте әлі 32 мың бала бар. Мүмкіндігінше қабылдау жалғасады және қосымша қаражат бөлеміз. Көптеген мұғалімдер бағдарламаға немқұрайлық танытып, балалардан гөрі өздеріне қамқорлық жасады. Барлық ұстаздар жауапты болса, онда бағдарламаны кеңейтуге болады. Екінші жартыжылдықта кімнің жақсы қызмет көрсететінін көреміз және босаған қаражатты басқаларға бағыттайтын боламыз»,- деп жауап берді қала басшысы.

Бұған дейін мегаполисте 65 739 бала тегін секция және үйірмемен қамтылғаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар