Алматыда дәмхананың 300 шаршы метрі жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда орналасқан дәмханалардың бірінің 300 шаршы метрі отқа оранды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

«22 қыркүйек күні сағат 05-04-те Жасқанат шағын ауданындағы Баймағамбетов көшесінің бойында орналасқан «Шашлычный дом» дәмханасы өртенді. Өрт сағат 06-01-де ауыздықталды. Жалын шарпыған аумақ 300 шаршы метр»,-деп хабарлады Р.Иманқұлов.

Өрттің неліктен шыққандығы анықталу үстінде. Өртті сөндіруге 50 қызметкер 16 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар