Алматыда дәмхана өртенді: Сол маңдағы көліктер мен ғимараттар зақымданған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала орталығындағы дәмхана өртенді. Жалын сол маңдағы көліктерді, әкімшілік ғимараттар мен электромобильдерді қуаттайтын бекетке зақым келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«25 қазанда сағат 04.16-да Алматы ТЖД-ның 101 нөміріне Алмалы ауданы, Жароков көшесіндегі 43 үйде орналасқан «Динара» дәмханасы жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін, 04.23-те жетті. Олар келген уақытта дәмхана отқа оранып жатқан», - делінген хабарламада.
Бір қабатты дәмхана және 2 көлік - Toyota RAV4 мен Nissan Primera жанып жатқан. Лаулаған жалын жақын тұстағы Nissan tino, Toyota avensis, Mitsubishi Outlander, Subaru legacy көліктерін зақымдаған.
Tesla автокөліктеріне арналған электр қуаттау стансасы мен «Алматы Байкке» тиесілі 10 велосипед, сондай-ақ 5 қабатты әкімшілік ғимараттың қасбеті және терезелері қатты ыстықтан еріп кеткен.
«Өрт 04.47-де ауыздықталып, 05.17-де толықтай сөндірілді. Жалын 280 шаршы метрді шарпыды. Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды
- Мозамбиктегі сұрапыл дауыл: 4 мың үй қирап, 160 мыңнан астам адам зардап шекті
- Алматы облысында жардан аударылғалы тұрған көліктегі жолаушылар құтқарылды
-
Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды
-
Боран салдарынан Үшарал-Достық жолы жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам