+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

2021 жылғы 17 маусым 10:20
Бөлісіңіз:
Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін түскі сағат 12:55-те Алматыда дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 17 маусымда жергілікті уақытпен күндізгі 12:55 минутта құлақтандыру жүйесінің тоқсан сайын жүргізілетін жоспарлы техникалық дайындығын тексерілетінін мәлім етті.

«Оқу жаттығу электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халыққа құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылған. Осыған байланысты департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады», - деп хабарлады Төтеше жағдайлар департаметінен.

Департаменттегілер Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

Егер дабыл кезінде сіз үйде болсаңыз, онда:

- радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;

- төтенше жағдай туралы хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз, онда:

- көшедегі дауыс зорайтқыштармен және мобильді ескерту құрылғыларымен жіберілген төтенше жағдай туралы хабарламаға құлақ асыңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT