Алматыда дəмхана өртенді: 6 адам қауіпсіз жерге шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданындағы Первомайск көшесінің бойында орналасқан «Домалақ ана» дəмханасы өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы шұғыл хабар түнгі 03:12-де жеткен.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, дəмхананың жазғы алаңының 60 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Өрт жарты сағатта толығымен сөндірілді. Оған жеке құрамның 21 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.

6 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар