Алматыда Чунцин қаласының фотокөрмесі ашылды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық кітапханасында Қытайдың Чунцин қаласымен таныстыратын фотокөрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Чунцин туралы қала басшылығы Қытай-Еуропа теміржол бағытындағы қалаларға ақпараттық насихат жүргізіп келеді. Ондағы мақсат - мәдени және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдете түсу. Әсіресе Қазақстан бұл аймаққа жақын орналасқан.

Бұл Алматыдағы Чунцин қаласы Халық үкіметінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан екінші фотокөрме. ҚХР Алматыдағы Бас консулының орынбасары Мяо Хунбо мәдени шараға қатысты пікірін білдірді.

«Бас консулдық атынан кезекті көрмені таныстырғым келеді. Биыл «Бір жол, бір белдеу» бастамасына да 5 жол толады. Осы жылдар ішінде 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар бұл бастамаға қолдау көрсетті. Соның ішінде Чунцин мен Алматы өте тығыз байланыста. Чунцинде 500-ден астам қазақстандық студент білім алады. Оңтүстік- батыс университеті мен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық тілдер университеті бірлесе жұмыс істеуде. Екі қаланың өзара серіктестігі одан әрі нығая түсеріне сенемін»,-деді ол.
null 

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы, Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті мен Чунцин қаласы өкілдері ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
null  

«Кітапхана тек әдебиетті ғана емес басқа елдердің мәдениетін таныстыратын орталық. Ұлттық кітапханада 8 елдің мәдени және әдебиет орталығы бар. Соның ішінде Қытай орталығының ашылғанына 1 жарым жыл болды. Чунцин қаласының басшылығы үлкен делегацияны бастап келіп отыр»,-деді ҚР Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов.

Чунцин халқы 32 миллионнан асатын Қытайдың ірі орталық қаласы. Мегаполистың 3000 жылдық тарихы бар. Қаланың мәдени және тарихи ескерткіштері мен ондағы әйгілі мұражайларды, сәулет өнерін және ерекше табиғатының келбетін фотокөрмеден тамашалауға болады.

Қытайдың мәдениет күндері аясында алматылықтар назарына бес күн бойы Чунциннің бай әрі саналуан көрінісі ұсынылады.

null 

Соңғы жаңалықтар