Алматыда цехтан шыққан жалын тұрғын үйді шарпуға шақ қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталығында цех өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 15:42-де  Жетісу ауданы  Қазыбаев көшесінде орналасқан 24-ші  үйде өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түскен.  Алғашқы өрт техникасы оқиға орнына небәрі 5 минуттан кейін, яғни 15:47-де жетті. 

Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың мәлімдеуінше, құтқарушылар барған уақытта қойма ғимараты қызыл жалынға оранған. Жақын маңда орналасқан жеке тұрғын үйге қауіп төнгендіктен өрт сөндірушілер дереу шара қолданған. Нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмей, 6 қойма боксы құтқарылған. Өрт жарты сағаттан соң, 16:14-те ауыздықталып,  16:34-те толықтай өшірілген. 160 шаршы метр аймақ жанып кетті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Иллюстрациялық сурет

Соңғы жаңалықтар