Алматыда Camry көлігімен полицейден қашқан жас жігіт қолға түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жол ережесін бірнеше рет бұзған «Тойота Камри» жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 жастағы жігіт Әл-Фараби даңғылында «Тойота Камри» көлігімен жолақтан-жолаққа жүйткіп, шытырман із қалдырған.

«Полицияның тоқта деген талабын жүргізуші елеген жоқ. Әл-Фараби даңғылында Гагарин көшесімен батысқа жүйтки жөнелген. Жолақтан жолаққа түскен көлікті тәртіп сақшылары Рысқұлбеков пен Саин көшесінің қиылысында ұстады. Жүргізуші бір мезетте бірнеше құқықбұзушылық жасады. ҚР ӘҚбК 603-бабының 2-бөлімі, ҚР ӘҚбК 590-бабының 4-бөлімі, ҚР ӘҚбК 595-бабының 1-бөлімі, ҚР ҚК 606-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мұның алдында ол мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін әрі жол арасындағы сызықты басқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған боалтын. Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды», - деді қалалық Полиция Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының батальон командирі Серікжан Әбжанов.

Сонымен қатар, полиция Әл-Фараби көшесінде жол ережесін бұзған тағы екі жүргізушінің көліктерін айып тұрағына жіберді.

Соңғы жаңалықтар