Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Алматыда БЗЖҚ пайдасына 3 млрд теңгеден астам зейнетақы активі қайтарылды

2023 жылғы 16 ақпан, 22:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер және атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы «HOMEBROKER» АҚ-дан «БЖЗҚ» АҚ пайдасына 3 161 428 049 теңге мөлшерінде зейнетақы активтерін өндіріп алу шарасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде «HOMEBROKER» АҚ – ның борышкердің банкроттығы жолымен «БЖЗҚ» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейін осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор-аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды.

«Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша «БЖЗҚ» АҚ-ға «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС-дан аталған қаражатты өндіріп алу жолымен «HOMEBROKER» АҚ-дан берешек сомасын сот тәртібімен өндіріп алу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде «HOMEBROKER» АҚ-ның «БЖЗҚ» АҚ алдындағы берешегі толық көлемде өтелді»,- деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурада.


Автор:

Думан Арғынгелді

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар