+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталды

2019 жылғы 20 тамыз 16:53
Бөлісіңіз:
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, жеңімпаздарды тұрғындар дауыс беру арқылы өздері анықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент бірқатар Заңға қол қойды Арнайы мониторинг нәтижесінде Түркістан бюджетінен 454 млн теңге үнемделді Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің өсу қарқыны 14 пайызды құрады – Смайылов

Тұрғындар ұсынған жобаларды қабылдау 2019 жылдың 19 тамызынан 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды іріктейді және 20-29 қыркүйек аралығында тұрғындар дауыс береді. Сөйтіп, жеңімпаз жобалар анықталады.

«Алматыдағы бюджетке қатысудың мақсаты - қала тұрғындарының ұсыныстары мен бастамалары негізінде мегаполис аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Жоба ұсынысының авторы Қазақстан Республикасының азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам бола алады», - дейді Алматы қалалық стратегия және бюджет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жанар Жазылтаева.

Жобалық ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы беріледі. Ол үшін өтінімді толтыру қажет (жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету), жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде қоса тіркеу қажет.

Бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Іске асыру үшін жоба Алматы тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.

Бұғанға дейін, Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді атсалысуға шақырған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Бюджет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT