Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасына өтініш беру мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар өздерінің жобалық ұсыныстарына 2020 жылдың 20 қазанына дейін өтініш бере алады. Өтінімді budget.open-almaty.kz сайтында қалдыруға болады.

Алматы қаласының «Бюджетке қатысу» жобасының мақсаты азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру болып отыр. Қала тұрғындарының бастамаларына Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері өз бағаларын береді.

Алматылықтар ашық талқылау және дауыс беру арқылы қала бюджетін қайда бағыттау керектігін анықтайды. Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беру барысында қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Жалпы осы бағдарламаға 6,4 млрд теңге қарастырылған.

Қаланың әрбір ауданына 800 млн теңгеден келеді. Былтыр әр ауданға 500 млн теңгеден бөлінді.

Биылғы жылы өтінім беру алгоритмі мен шарттары жеңілдетілгенін атап өткен жөн. Өз жобаларын ұсынатын тұрғындар сметаны немесе эскизді қоспай, оның орнына ұсынылған стандартты құжаттардың бірін таңдай алады немесе интернеттен суретті жүктей алады. Бұл арнайы білімі жоқ кез келген қала тұрғынының өз идеясын ұсына алатынын және өз ауданын жақсартуға және қалалық ортаны дамытуға өз үлесін қоса алатындығын білдіреді.

2021 жылға өтінімдерді қабылдау биыл 28 тамызда Алматы даму орталығы порталында - Open Almaty ғимаратында басталды. Қазір 428 жобалық ұсыныс берілді. Бұған дейін пилоттық кезеңде 333 жоба ұсынылған болатын, олардың бірқатары аяқталып, пайдалануға берілді. Іске асырылған жобалардың ішінде скейтпарк, сөйлейтін орындық, балалар мен ересектердің спортпен шұғылдануына арналған алаңдар, қала тұрғындарының саябақтары мен демалыс орындары бар.

Маргарита Балакирева «Бюджетке қатысу» жобасына өткен жылы Алмалы ауданындағы бос учаскені көгалдандыруды ұсынған.

«Мен Розыбакиев-Жамбыл көшелерінің қиылысында осындай орын таптым, жақын жерде жұмыс істеп, үнемі сол жерден өтіп жүрдім. Содан менде абаттандыру идеясы пайда болды», - деп бөлісті М.Балакирева.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын осы жобаға белсенді қатысуға шақырады. Сұрақтар бойынша +7 (727)224-39-29, ішкі 203 немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы өтініштерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларға іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өтінім беру мерзімін 2020 жылдың 20 қазанына дейін ұзарту Қоғамдық кеңестің жұмыс отырысының қорытындысы бойынша ұсынылды.

Жобаларды іріктеу талаптары:

- аумақты көгалдандыру;

- тротуарларды жайластыру;

- тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;

- жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, гүл бақтары, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа нысандар) құру, жөндеу және жарықтандыру;

- жиектерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;

- қоқыс тастайтын жерлерді жою;

- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.


Соңғы жаңалықтар