Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындар 36 жоба ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындардан 36 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге салсақ, Алматы қаласының бюджетін бөлу процесіне тұрғындардың қатысуын қарастыратын «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау 23 тамыздан басталған болатын.

Биылғы жылдың 23 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында қала тұрғындары 36 жоба ұсынды.

«Open Almaty» Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ең көп өтінім Алатау ауданынан абаттандыру бойынша (23), одан кейін Алмалы және Әуезов аудандары (4-тен), Бостандық ауданынан (2) келіп түсті. Бір өтінімнен Наурызбай, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарынан түскен.

Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Алматы қаласының әкімдігі 6,4 млрд теңге, яғни, әр ауданға 800 млн теңгеден бөледі.

Айта кетейік, қала тұрғындарынан өтінімдер негізінен көпшілік серуендейтін жерлерде орындық, қоқыс жәшігі және балалар алаңын орнату, ересек тұрғындардың демалуына қажетті жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу» (27), «Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер)» (7), «Бордю, брусчатка, қоршауды жөндеу» (1) және «Тротуарларды абаттандыру»(1) мәселелері бойынша түскен.

Сондай-ақ, ұсыныстардың ішінде: Алматы қаласының халықаралық әуежайында веложол салу, аула, балалар мен спорт алаңын күрделі жөндеу, үйлердің қасбетін жөндеу және сырлау және т.б. бар.

Тұрғындардың жобаға қатысу жолдары жайлы «Open Almaty» Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі «Қала тұрғындары 1 қазанға дейін қалалық ортаны дамыту жөнінде ұсыныс идеясын budget.open-almaty.kz порталына жіберу қажет. Егер бұл бастама басқа тұрғындардың дауыстарымен қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады» деп мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар