Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша скейтпарк салынды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша салынған скейтпарк қолданысқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың айтуынша, скейтпарк тұрғындардың өтініші бойынша салынды.

«Бізде «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 15 жоба бар.Солардың бірі скейтпарк. Бұл қаладағы ең үлкен скейтпарктердің бірі. Мұнда балалар тегін спортпен шұғылдана алады. Нысан толықтай абаттандырлған. Ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Қуанарлығы тұрғындар қаланың көркеюіне бей-жай қарамайды. Өздеріне, қоғамға қажетті дүниелерге назар аударады.Бұл жобаның құны 24 млн теңге»,– деді ол.

Сонымен қатар, ол мұнда түрлі жарыстардың ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Балаларлаға спорт алаңдары қол жетімді болуы тиіс. Сондықтан біз бұдан бөлек, бокс, баскетбол, футбол алаңдарын аштық. Онда тәжірбиелі жаттықтырушылар жұмыс істейді»,– деді спикер.


Соңғы жаңалықтар