Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кез-келген адам қалалық ортаны дамытуға қатысты өз идеясын ұсына алады. Егер дауыс беру кезінде бастама басқа тұрғындар тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн теңгеден аспауы тиіс. Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 млрд теңге, яғни әр ауданға 800 млн теңгеден болмақ», – деп хабарлады Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасы арқылы.

Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн түрде өтеді.


Соңғы жаңалықтар