Алматыда былтыр құрылған жаңа аудан басшысы халықпен кездеседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Былтыр Алматыда құрылған Наурызбай ауданының басшысы Қуанышбек Қашқымбаев ауданның 150 мың тұрғыны алдында есеп бермек. Бұл туралы ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекжан Сәрсенбаев хабарлады.

Есепті кездесулер ақпанның 3-інен 6-сына дейін төрт жерде «Тау самалы» ықшам ауданындағы №188 мектепте, «Қарағайлы» ықшамауданындағы №192 мектепте, «Ақжар» ықшамауданындағы №186 мектепте, «Қалқаман» ықшам ауданындағы №176 мектепте өтеді.

Кездесуге шамамен 2-2,5 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр.

«Аудан әкімі халықты кәсіпкерлік, өнеркәсіп, қоғам көлік қатынасы, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру салаларында атқарылған жұмыстармен таныстырады. Наурызбай ауданында 7 мыңнан астам жеке, 152 көп қабатты тұрғын үй бар, оларға 11 ПИК қызмет көрсетеді. 113 бағбандық серіктестігінде 30 мыңнан астам халық тұрады. Қазіргі таңда өте өзекті болып отырған су, кәріз жұмыстары, арық, жол жөндеу жұмыстар жүргізілгендігі жайлы, көше жөндеу жұмыстары туралы қалалық автомобиль жолдары басқармасына тиісті ұсыныстар жіберілді. Ауданда жалпы ұзындығы 388 шақырымды құрайтын 315 көше бар, олардың 6-ы қалалық маңызға, 29-ы - аудандық, 380-і жергілікті маңызға ие. 2014 жылы ұзындығы 29 шақырым болатын 40 көшеге жөндеу жүргізілді. Орташа және ағымдағы жөндеуді талап ететін 170 көше анықталды. Ұсыныс енгізілді. Жоспарда алдағы жылы Яссауидан Рысқұловка дейін созылатын Қонаев көшесін күрделі жөндеуден өткізу бар. Жобалық-сметалық құжаттар әзірленде. Білім беру, мәдениет, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіп, жұмыспен қамту мәселері тілге тиек етілетін болады. Әкімшілік осы бағытта не істеді, алдағы жоспар қандай? Жаңа ауданның дамуына қай жағына басымдық беріледі. Осның бәріне әкім жауап береді, - деді Бекжан Сәрсенбаев.

2014 жылы Наурызбай ауданының дамуына бюджеттен 138 млн 384 мың теңге бөлінген болатын. Оның 97,5 пайызы толығымен игерілді.

Осындай кездесулер Алматы қаласының өзге де аудандарында өтеді. 19 ақпанда Республика сарайында Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің жыл сайынғы дәстүрлі есептік кездесуі өтеді.

Соңғы жаңалықтар