Алматыда БҰҰ-ның жалған нөмірімен жүрген көлік анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі Біріккен Ұлттар Ұйымының жалған нөмірлерін тағып алған көлікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік ҚР Сыртқы істер министрлігінен түскен ақпаратқа сәйкес тексерілген. Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі халықаралық ұйымның жалған нөмірлерін тағып қана қоймай, оған дабыл белгісі мен жарықтандырғыш құралын заңсыз орнатып алған.

«Тексеру барысында бұл көлік Алматының 44 жастағы тұрғынына тиесілі болып шықты. Бұл адамға қатысты ҚР ӘҚБК 603-бабымен арнайы дабыл құралдарын заңсыз орнатқаны үшін - 15 АЕК, 590-бабының 3-бөлігімен көлікке жалған нөмір орнатқаны үшін 15 АЕК (68 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Тойота Лэнд Крузер айып тұрағына қойылды», - деді жергілікті полиция қызметінің  басшысы Жасұлан Байкенов.

 

 

Соңғы жаңалықтар