Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнына жастар орталығы салынады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнында жалпыға қолжетімді жастар орталығы пайда болады. Оның құрылысы 2023 жылдың көктемінде басталады. Бұл туралы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз. Келесі жылдан бастап біз сол жерде «Депо» деп аталатын шығармашылық орталық саламыз. Жастардан өтініш өте көп. Олар үлкен бір орталықтың болғанын қалайды», - деп жауап берді әкім Алмалы ауданы тұрғынының сауалына.

Әкімнің айтуынша, креативті индустрия орталықтары қаланың бірнеше жерінде орналасады.

«Біз өзіміздің таланттарымызды тауып, дамыту үшін креативті индустрия орталықтарын қаланың көптеген жерлерінен ашамыз. Келесі жылдың көктемінен бастап «Депо» жобасы қолға алынады. Жобаны жүзеге асырылады», — деп түйіндеді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар