+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматыда бұрынғы судья Күлпаш Өтемісоваға қатысты сот үкімі шықты

2014 жылғы 5 мамыр 16:45
Бөлісіңіз:
Алматыда бұрынғы судья Күлпаш Өтемісоваға қатысты сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрынғы судья Күлпаш Өтемісова 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Бұл туралы қалалық сот баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.

Оның айтуынша, экс-судья жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады. Үкімді Алмалы аудандық сотының судьясы Гүлшахар Шыныбекова шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы судья Күлпаш Өтемісова ҚР ҚК 350-бабының 2-тармағы бойынша (көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару) айыпталған болатын.

2013 жылы 28 наурызда алматылық кәсіпкер А. Сутягинский қаруды заңсыз сақтап, адам өлтіруді ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

2013 жылдың 12 тамызында айыпталушының жазасы 6 жыл шартты түрге жұмсартылған еді. Осы істе апелляциялық соттың судьясы ретінде Күлпаш Өтемісова төрелік еткен. Кейіннен кассациялық сот алқасы апелляциялық алқаның шартты мерзім туралы қаулысының күшін жойып, бастапқы үкімді қалпына келтірді.

Көп ұзамай, 2013 жылы 6 қыркүйекте істі жүргізген К. Өтемісова ұсталған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT