Алматыда бұрынғы McDonald's мейрамханалар желісі қайта ашылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 23 қаңтардан бастап Алматыда бұрын McDonald's брендімен жұмыс істеген «Food Solutions KZ» ЖШС-не тиесілі бірқатар мейрамханалар жұмысын қайта бастайды. Мейрамхана жабылғанға дейінгі барлық қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек шарттары толық сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың ашылуы біртіндеп жүргізіледі, бастапқы кезең ішінде Алматыда 5 мейрамхана ашылады.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары аяқталды, мейрамханалар барлық қажетті өнім көлемін алды және ресми ашылуға дайын.

Жабылу уақытына дейін жұмыс істеген мейрамханалардағы барлық қызметкерлердің жұмыс орындары, жалақылары және басқа да еңбек шарттары толық сақталады. Мейрамханалардың жұмысы осыған дейін қабылданған сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттарын, сондай-ақ бизнесті жүргізудің құндылықтары мен принциптерін ескере отырып жалғасады.

«Бұл — біздің компания өміріндегі жаңа кезең. Біз қонақтар үшін әр қалада орналасқан мейрамханалардың есігін біртіндеп ашпақпыз. Біз қоғамдық тамақтану индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтап қалуды көздейміз. Бізге қолдау көрсеткен қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, жақын арада біз жаңа атымызды жұртшылыққа таныстырамыз», - деді «Food Solutions KZ» ЖШС Бас директоры Әсет Машанов.


Соңғы жаңалықтар