Алматыда бұрын сотталғандар арықтың люктерін ұрлап келген

None
None
АЛАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат» шағын ауданында арық желісінің бетін жауып тұрған шойын тор-қақпақтар ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмысқа қатысты екі ер адам ұсталды. Олар бұрын ауыр қылмыс істегені үшін істі болған.

«Екеуі де 46 жаста. Бір-бірін мектептен бері таниды. Олардың біреуі «Газель» көлігімен жүк тасып келсе, екіншісі дәнекерлеуші болып қызмет жасайды. Күдіктілер бұрын ауыр қылмыс жасаған. Бірі - адам өлтіріп, сотталып келсе, екіншісі есірткі таратқаны үшін істі болған. Қазір олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

nullnullКүдіктілер жол бойындағы арықтың бетін жауып тұратын шойын люктерді шығарып «Газель» көлігіне тиеп алып, темір-терсек қабылдайтын орындарға тапсырып келген.null

«Ал ұрланған затты олар аудандардың бірінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, жаңасы орнатылып жатыр деп сендіріп сатып жіберген. Оны сатып алған кәсіпкерге айыппұл салынды. Саудагерді қызметтік лицензиясынан айыру туралы ұсыныс та берілді», - деді Думан Аухадиев.null

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ұрланған затты сатып алған тұлғалар үшін ҚР ҚК 196-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.null

Айта кету керек, Алматыда тәртіп сақшылары кәріз құдығының шойын қақпақтарын ұрлағандарға қатысты мәліметті хабарлаған адамдарға сыйақы берілетінін жария еткен болатын. Қалада ұрланған немесе сынған шойын қақпақтардың кесірінен оқыс оқиғалар тіркелген. 2016 жылы сынған люктің кесірінен тағы бір жол апаты болып, алматылық Екатерина Парафиева екі аяғынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар