Алматыда бұршақ жауып, найзағай ойнайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мен тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деген болжам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктер 14 -15 мамыр күндері қалада тәулік бойы қатты жаңбыр жауып, кей уақытта найзағай ойнайтынын және 15 мамырда бұршақ болатынын ескертті.

«Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, жауын-шашын кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан мүмкіндігіңізше шықпаңыз. Көліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салайық, 11 мамыр күні Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды.

Жаңбыр мен дауыл салдарынан 19 ағаш құлады. Бір автокөлік пен тұрғын үй зардап шекті.

Қалалық жасыл экономика басқармасының мәліметінше, шаһарда нөсер кезінде үнемі су басып қалатын 56 аймақ бар.


Соңғы жаңалықтар