Алматыда бургер сататын дүңгіршек өртенді

None
Фото: t.me/kris_p_almaty_official
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бургер сататын дүңгіршек өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бургер сататын ГИППО дүңгіршегінің өртеніп жатқан видеосы желіге тарады

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 541 үйдің маңындағы бургер сататын ГИППО дүңгіршегі сағат 08.49-да өртенгені тіркелді.

«Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді шарпыды. Өрттің таралу қаупі болған жоқ. Өрт сағат 09.14-те өшірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметінен.


Соңғы жаңалықтар