Алматыда букмекерлік кеңсені кімдер тонағаны анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы  букмекерлік кеңсені тонағандардың  кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға кеше таңғы 4:30 шамасында Төле би көшесіндегі букмекерлік кеңселердің бірінде болған.

Бетперде киген үш ер адам мекеменің күзетшісін дубинкамен, ойыншық тапаншамен қорқытып 700 мың теңгені қолды еткен.

Олардың әрекеті сыртқы және ішкі бейнебақылауға түсіп қалған.

«Бұл дерек бірыңғай тергеу ісі реестріне ҚР ҚК 191-бабы бойынша тіркелді. Қылмысты ашуға Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері мен ІІД криминалдық бөлім қызметкерлерінен арнайы оперативтік топ құрылды. Күдіктілердің кім екендігі анықталды», - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар