Алматыда Бүкіләлемдік философия күні аталып өтуде

None
None
АЛМАТЫ. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда  Бүкіләлемдік философтар күні мен Қазақстандағы философиялық білімнің 60 жылдығына араналған «ХХІ ғасырдағы философияның даму жолдары: Әлемдік философия тарихындағы қазақстандық философия» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультеті мен әлеуметтік философия кафедрасының және Халықаралық бизнес университетінің қолдау көрсетуімен ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар Елбасының ғалымдар мен ұстаздар алдында қойған интеллектуалды ұлт пен «білім қоғамын» қалыптастыратын стратегияның аясында отандық ғылымның өзекті мәселелері мен философиялық мәнін,   сонымен қатар, ХХІ-ші ғасырдың диалектикалық дамуын, қазақ философиясы мен әлемдік философияның дәстүрін және мәдениет философиясындағы өзекті мәселелерді талқылады.

«Бүгінгі заманға сай философия функциялары тек қана ежелгі философиялық құндылықтарды орнату не болмаса білімді өсіру мен тарату  болып табылмайды, ол ең алдымен жастарды сыни  бағытта еркін ойлауға тәрбиелейді», деді  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры Бекет Нұржанов.

Шара соңы студенттер мерекесімен және киносыншы Олег Борецкийдің «Философия: матрицаның дефрагментизациясы»  тақырыбындағы кино клуб жиынымен аяқталады. Жиынның қорытындысы, бас қосуда жасалған баяндамалар негізінде қазақстандық жетекші философтар мен жас ғалымдардың ғылыми мақалалары жинақ түрінде шығатын болады. Бүкіләлемдік философия  күні 2002 жылдан бастап ЮНЕСКО бағдарламасының ұйымдастыруымен аталып келеді. Оның басты мақсаты - қазіргі таңдағы философияның рухани миссиясын көрсету. Биылғы философтар  күні «Философиясыз ЮНЕСКО-ның мәні жоқ» ұранымен тойланбақ.

Соңғы жаңалықтар