+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Алматыда Халықаралық этнофорум өтеді

2019 жылғы 18 сәуір 14:53
Бөлісіңіз:
Алматыда Халықаралық этнофорум өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санаулы сағаттардан соң Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматыдағы «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Халықаралық этноспорт конфедерациясының «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» ІІ Халықаралық этноспорт форумы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, 18-21 сәуірге жоспарланған айтулы шараны Халықаралық этноспорт конфедерациясы мен ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Жиынға әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150-ден астам этноспорт делегациялары қатысады.

Олардың ішінде бірқатар мемлекеттің спорт министрлігі басшылары, ұлттық спорт саласының майталмандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілер, спортшылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері бар.

Форумда дәстүрлі ойындар мен спорт түрлерін әлем бойынша дамыту, Қазақстанда өтетін І Бүкіләлемдік этноспорт ойындарын өткізу, Түркияда 2020 жылы ұйымдастырылатын IV Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жетілдірудің жолдары және басқа да әлемдік этноспорт саласының өзекті мәселелері талқыланады.

Шараның өтуіне Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) де қолдау білдіріп отыр. Ал, халықаралық шараның Бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры».

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT