Алматыда Бұқар Жырау көшесіндегі көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бұқар Жырау көшесі бір күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, уақытша жабылған көшенің бір бөлігінде жылу желілері қалпына келтіріледі.

«16 маусым таңғы сағат 9:00 -ден кешкі сағат 22:00-ге дейін Бұқар Жырау көшесі Римский-Қорсақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады»,- деп хабарлады«Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар