Алматыда бүгінгі жер сілкінісінен ғимараттар бүлінген жоқ - ТЖД

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2 балдық жер сілкінісінен қираған немесе бүлінген ғимараттар болған жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, тиісті мемлекеттік мекемелерге хабарламалар жіберілген соң, бүлінген немесе қираған ғимараттардың байқалмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Сондай-ақ, Сейсмология институтының мәліметінше, бүгінгі жер сілкінісі фондық санатқа жатады, мұндай әлсіз сілкіністен соң афтершок болмайды.

Еске салайық, бүгін Алматыда жергілікті уақытпен сағат 16:56-да 2 балдық жер сілкінісі сезілді.


Соңғы жаңалықтар