Алматыда бүгін жылу беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бүгін жылу беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін кешке дейін қала бойынша барлық тұрғын үйлерге жылу беріледі», - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Бүгін Алматыда синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады.

Бұған дейін әкімдік жылу беру маусымына 100 пайыз дайындығын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар