Алматыда BRT желісіндегі асфальт ыстықтан балқып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге қатты ыстықтан балқып кеткен асфальттің суретін салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пост авторы әлеуметтік желідегі суреттер Тимирязев көшесінде түсірілгенін жазады. Онда BRT желісімен жоғары жылдамдықтағы автобустар жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, 19-22 шілде күндері Алматыда сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Аптап ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар