Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда BRT желісінде алғашқы электронды таблолар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, электронды таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар жарияланған.

«Қалалықтар цифрлы технологияның арқасында Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржыға жасалады. Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе «Оңай» қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар