Алматыда британ суретшісі ескі үйлердің сырт келбетін түрлендіріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «MURAL FEST» ІІІ халықаралық монументалды өнер фестиваліне белгілі британ суретшісі Dan Kitchener келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Суретші Әл-Фараби мен Назарбаев көшесінің қиылысындағы қос қабатты ғимараттардың сыртына сурет салумен айналысып жатыр. 

Айта кету керек, бүгінде Дэннің суреттері Лондон, Милан, Гонконг, Барселона, Токио, Стокгольм көшелеріне сән беріп тұр.

«Менің жұмыстарымның басты тақырыбы - қаланың күнделікті өмірі. Қаланың күйбең тіршілігін түспен, жарықпен, көлеңке және композициямен жеткізгім келеді», - деді суретші. 

Алматыда өнер иесі таулардың пейзажы мен езу тартқан адамдардан шабыт алғанын айтты.

null null 

Соңғы жаңалықтар