Алматыда бойжеткенді көлік кабинасының сыртына шығарған жүргізуші айыппұл төлейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бойжеткенді көлік кабинасының сыртына шығарған жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда мамандандырылған батальон қызметкерлері қызды кабинаның сыртына шығарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«25 жастағы М. есімді «Toyota» көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қызды кабинаның сыртына шығарды. Сол арқылы ол жол ережесін өрескел бұзды. Автокөлік жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады полициядан.



Соңғы жаңалықтар