Алматыда бойжеткен көлік астына түсіп, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол талғамайтын көлік бойжеткенді қағып кетті. Жол апаты әл-Фараби даңғылының бойында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға куəгерлерінің айтуынша, Nissan X-TRAIL маркалы автокөлік әл-Фараби даңғылының бойымен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Навои көшесімен қиылысқан тұста рұқсат етілмеген жерден бойжеткен жүгіріп шыққан. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі дер кезінде тоқтап үлгермей, оны қағып кеткен.

Бойжеткен ауыр жарақат алып сол жерде көз жұмды. Марқұмның өзімен бірге құжаттары болмағандықтан, тəртіп сақшылары оның аты-жөнін анықтауға кірісті. 

Соңғы жаңалықтар