Алматыда бойжеткен Қапшағай көпірінен секіріп кетпек болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері Қапшағай көпірінен секіріп өлмек болған қызды құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-патруль полициясының қызметкерлері Дәурен Райымбеков пен Жақсылық Сұлтан Түрксіб ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген. Таңғы сағат 4-00-дер олар шамасында Қапшағай көпірінде тұрған қызды көрген.

«Бойжеткен көпірден секірейін деп тұрды. Бірінші бір полиция қызметкері жақындап, оны тоқтатпақ болғанда, қыз алға ұмтылып кетіп екеуі де көпірден құлауға аз қалды. Артынан келе жатқан екінші полиция қызметкері екеуін де ұстап қалған», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Фото: sverigesradio.se

Соңғы жаңалықтар