Алматыда бойжеткен есігі ашық автобустан құлап түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қаларалық автобуста жолаушы қыз құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай 23 шілде күні Ащыбұлақ ауылына барар жолда болған. Құлағына құлаққап киген қыз бала автобустың ашық есігінен құлап түсті. Жолаушы қызды жедел жәрдем алып кетті.

Тасымалдаушы компания болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Жүргізушінің айтуынша, автобус Алматы-1 вокзалынан Ащыбұлақ ауылына бет алған. Аяла Нұрбол есімді жолаушы аялдамасынан өтіп кеткенін айтып, жүргізушіден тоқтатуды өтінген. Жүргізуші жолдың оң жағын ала бере тоқтап, есікті ашқан. Куәгерлердің айтуынша, қыз қолындағы смартфонға үңілген күйінше баспалдақты баспай аттап кетіп, жерге құлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері салондағы жолаушылардан болған оқиғаның мән-жайын біліп, жүргізушіні жөніне жіберді», - деді тасымалдаушы «Жедел» ЖШС баспасөз қызметінен.

Автопарк өкілі болған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, қалааралық бағытта қызмет көрсететін маршруттарда бірқатар шешілмеген түйткілді мәселелер бар.

«Бұл маршруттарда «Оңай» электронды ақы төлеу жүйесі істемейді. Оларға субсидия бөлінбеген соң автопарктер көліктерді жаңартуға мүдделі емес», - деді қалалық мобильділік басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар