Алматыда бойжеткен автобустың астына түсіп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автобус бойжеткенді басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.



«3 қыркүйекте таңғы 8 шамасында 45 маршрут жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезінде жаяу жүргіншіні басып кетті. Бойжеткен жарақат алды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді «АлматыЭлектроТранс» ЖШС өкілдері.





Соңғы жаңалықтар