Алматыда бойжеткен арықтан секірем деп мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бойжеткен арықтан секірем деп мерт болды. Оқиға кеше таңғы 4:30 шамасында Әл-Фараби көшесінің бойында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

22 жастағы қыз тротуардағы көпірмен өтпей арықтан секіріп өтем дегенде аяғы тайып арыққа түсіп кеткен.

«Ағын судың күшімен қыз жол астындағы құбырға барып бітеліп қалған. Қыздың қасындағы құрбылары ешқандай көмек көрсете алмады.

Бойжеткеннің денесін алып шығу үшін құтқарушылар люк пен бетоннан құйылған жақтауды бұзды. Оның өзі көп уақыт алды. Соның салдарынан қыз оқиға орнында қаза болды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, құрбылар түнгі клубтан «тойлап» шыққан.

Соңғы жаңалықтар