Алматыда бөтелкемен су сататын 4 кәсіпорын суды қаланың орталық жүйесінен алып отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бөтелкемен су сататын 4 кәсіпорын суды қаланың орталық су жүйесінен алып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова суды шыңырау құдықтан емес, орталық су жүйесінен алып отырған кәсіпорындар туралы айтты.

Сөзін «сіздер мұны білуге міндеттісіздер» деп бастаған Айзат Молдағасимова Алматыдағы 13 су сататын кәсіпорын жағдайын баяндады.

«Біздің бақылауымызда 13 бөтелкеге су құйып сататын кәсіпорын бар. Оның 9-ы Aqua Vista, Bizz, Vita, Sevens water, Calipso, Aqua nova, Росинка, Хан Тенгри, Серебренная сынды кәсіпорындар суды бұрғыланған құдықтан алып отыр, ал «Nova water», «Auwa Domino», «Тибетская вода», «Самал» сынды кәсіпорындар қаланың орталық су жүйесінен су құйып, сатып отыр», - деді ол.

Департамент басшысы заң бойынша оларға ешқандай жаза қолданылмайтынын айтты.

«Орталық су жүйесінен су сатуға болмайды деген заң жоқ. Сондықтан, оларға ешқандай жаза қолданылмайды. Қандай су ішесіз, ол сіздің таңдауыңызға байланысты», - деп толықтырды сөзін департамент басшысы. 

Соңғы жаңалықтар