Алматыда борышкер әкелерді жұмыспен қамтып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда алимент төлей алмай жүрген азаматтар жұмысқа тартылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Әділет департаментінің басшысы Абай Арап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, алимент бойынша сот шешімін орындау қиындық туғызуда. Оның бірқатар себебі бар. Мысалы, борышкердің қолма-қол ақшасының болмауы, жауапкердің тұрғылықты жерін белгілемеу, тұрақты жұмыс орнының болмауы, өндіріп алуға болатын мүлік және тағы басқа.

Айтуынша, жұмыс істемейтін борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін департамент жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

«2022 жылы алимент бойынша борышкерлер үшін республикалық БАҚ-тың қатысуымен 4 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 320 жұмыс орнына ашық бос жұмыс орындары бар 15-тен астам ірі компания шақырылды. Жұмыс әртүрлі бағыттар бойынша ұсынылды, соның ішінде есепші, экономист, күзетші, жүргізуші, құрылысшы және жалақысы 150 мың теңгеден асатын басқа да кәсіптер бар. Жалпы, қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті Абай Арап.

Нәтижиесінде, 2022 жылы 83 борышкер әке тұрақты жұмысқа орналасты.


Соңғы жаңалықтар