Алматыда болған өрт кезінде жоғары қабаттан 81 адам құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сайын көшесіндегі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараз өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт шыққаны туралы хабарлама қалалық ТЖД-нің «101» пультіне  сағат 21:24-те келіп түскен.

«Әуезов ауданына қарасты Сайын көшесіндегі 14/1 тұрғын үйдің кіре берісін жалын шарпыған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 9 минут өткен соң, яғни 21:33-те жетті. Мәлім болғандай, жалын 4 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы  «Арай» шаштаразынан шыққан. Қою түтіннің кесірінен жоғарғы қабат тұрғындары эвакуация жолын пайдалана алмаған. 81 адам құтқарылды. Оның 16-сы - балалар. Жоғарғы қабаттағы тұрғындарды механизацияландырылған автосатылармен құтқару шаралары ұйымдастырылды», - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінен.


Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт дер кезінде сөндірілді. Ол 22:07-де ауыздықталып, 22:27-де толықтай өшірілген.Жоғарғы қабаттағы пәтерлер мен жанындағы үйлерге еш зиян келмеген. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт кезінде 15 жасар қыз бала түтінге уланып қалды. Оны жедел жәрдем көлігі жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.  

Арайлым Жолдасбаева

Соңғы жаңалықтар