Алматыда болған оқиғаларды полицей өлең жолдарымен баяндады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда болған оқиғаларды Бостандық аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Динара Мағзұмова өлеңмен баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің жолдасым да полиция қызметкері. Бес күн бойы тәртіпсіздіктер мен полиция ғимараттарына жасалған лаңкестік әрекеттердің жолын кесуге қызмет етті. Біз - жас отбасымыз. Шынымды айтсам, мен ол үшін қатты уайымдадым. 4 қаңтарда бүкіл жеке құрам қызметкерлері арнайы дабылмен шақырылғанда, мен асығыс ұялы телефоныма төрт шумақ өлеңімді теріп, жолдасымды қолдау үшін жібердім. Біраз уақыттан кейін «Кең байтақ – рухты ел қазақ даласы!» деп осы шығарманы жаздым», – дейді аға лейтенант Динара Мағзұмова.

Оның айтуынша, ол бала кезінен өлең жазады. Кітап шығару ойында бар.

«Бірақ бұл болашақтың еншісінде. Ал әзірше мен өзімді елдің амандығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуге арнадым», - деді, полиция инспекторы.



Соңғы жаңалықтар