Алматыда болған дауыл мен құйын салдарынан адамдар зардап шегіп, үйлерді су басты - ҚР ТЖМ

None
None
АНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда болған дауыл мен құйын салдарынан адамдар қаза тауып, үйлерді су басты,

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«17 мамыр күні сағат 19.31-де Алматы аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, секундына 10-13 метр жел тұрды», - делінген хабарламада.

Алматыда болған дауыл салдарынан 33 ағаш, бір қоршау құлап, 22 үйді су басқан, 31 жерде электр желілері үзілген, деп толықтырды ТЖМ-де.

Ауа райының күрт бұзылуынан Медеу ауданында төтенше оқиға болды, қаза тапқандар бар.

«Алматы-Медеу автожолының ауданында экологиялық пост пен «Беладжино» мейрамханасының арасында жазғы демалыс шатырына ағаш құлап, 1987 жылы туылған ер адам қаза тапты, 1989 жылы туылған бойжеткен 12 қалалық аурухана жеткізілді», - делінген хабарламады.

Медеуге барар жолда автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. «Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, Горной көшесінің бойындағы «Самал» мейрамханасының ауданында 84 ағаш опырылып қираған», - деп ақпараттандырды ТЖМ.

Төтенше жағдайды жоюға 216 адам, 81 техника, соның ішінде Алматы қаласы ТЖД-нің жеке құрамындағы 93 қызметкері мен 15 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар