Алматыда болашақтықтар жағдайы төмен отбасыларға көмір таратты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жағдайы төмен 220 отбасыға көмір тегін таратылды. Қайырымдылық шарасын «Шұғыла» қоғамдық қоры «Болашақ» қауымдастығымен бірлесе отырып ұйымдастырған.

2000 тоннаға жуық көмір Алматы, Ақмола облысы, ОҚО-ның әлеуметтік жағдайы төмен 630 отбасы арасында тегін таратылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аймақтың орналасуына байланысты әр отбасыға 2-5 тоннадан көмір таратылады.

«Бұл акцияны жылда өткіземіз. Өткен жылы 600 тонна таратқан едік. Бір қуанарлығы, қоғам «мемлекет маған не береді» деп аузын ашып отыруға болмайтынын түсініп келеді. Адамдар өздері бірігіп, бастама көтеріп, түрлі жобаларды жүзеге асыруға болатынына көз жеткізді», - деді «Шұғыла» қорының өкілі Әлібек Өміржанов.

«Шұғыла» қоғамдық қоры бірнеше бағытта қайырымдылық шарасын өткізіп келеді. «Жылдағы ең ұмытылмас күн» шеңберінде жетім балаларға барынша көңіл бөлінеді. Осымен бірнеше жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасылар азық-түлікпен, көмір, киім, мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылып келеді. Сондай-ақ, қор сал ауруына шалдыққан балаларға көмек ретінде емдеу орындарын медициналық құрал-жабдықпен қамтуға көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар