Алматыда болашақ режиссер тіпті қылмысты да «шығармашылық» тұрғыдан жасаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көліктердің тіркеу нөмірін ұрлады деген күдікпен бір ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, наурыз айында «Жетісу» шағын ауданының тұрғындары белгісіз біреулер көліктерінің мемлекеттік тіркеу нөмірін шешіп алып кеткендігін айтып шағымданған болатын. Есесіне ұрылар көліктің алдыңғы терезесіне «нөмір қажет болса, интернет арқылы мына шотқа ақша жібер» деген жазу қалдырып кетеді екен. «Қазір бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір студент ұсталды. Болашақ режиссер өзінің қылмыстық әрекетін шығармашылық тұрғыдан ойластырған. Көліктердің нөмірін үйдің маңайына тығып қойып, қоңырау шалған көлік иесі ақша салған соң ол нөмірдің тығылған орнын көрсетіп отырған. Осы «қызметі» үшін 4-5 мың теңгеге дейін ақы сұраған», - деді Әуезов ауданының ІІБ басшысы, полиция полковнигі Константин Хон. Күдікті өзінің жасаған қылмысын мойындап отыр. Қазір полиция қызметкерлерімен оның осы іспеттес 6 қылмыстық оқиғаға қатысы бар екендігі анықталды.

Соңғы жаңалықтар