Алматыда болашақ әскерилер 11 литр қан тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушілері қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери-техникалық мектептің 25 курсанты онкологиялық ауруға шалдыққандар үшін 11 литр қан тапсырып, донор болды. Акцияға оқу орнының директоры полковник Мирас Жылгелдин бастамашылық еткен. Оның айтуынша, әрбір үшінші қазақстандық өмірінде қан құйдыруға мұқтаж болады. Сондықтан әскери-техникалық мектепте қан тапсыру дәстүрге айналған.  Курсанттар мен мұғалімдер 2016 жылдан бері «Өмірге үміт сыйла» акциясына өз еріктерімен қатысып келеді.

«Мен сөзбен ғана емес, іс жүзінде адамдарға көмектескім келеді. Донорлық адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажет. Сондықтан, біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болып тұрса, оны міндетті түрде қолдану керек», - деп атап өтті ӘТМ тәрбиеленушісі Бауыржан Мырзалинов.

Алматы қалалық қан құю орталығында атап өткендей, адамдар түрлі себептермен донор болып жатыр, солардың бастысы - әлеуметтік жауапкершілікті сезіну. 

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар